29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №214

313 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 20 мамыр , Астана қаласы Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 47-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 26 мамыр Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №214 бұйрығына 1-қосымша Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері Атауы Нормативтік мәні Өлшем бірлігі Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI) 4,0 жылына өшіру саны Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) 4,0 жылына сағат Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №214 бұйрығына 1-қосымша Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 47-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады. 2-тарау. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібі 3. Электрмен жабдықтау қызметтерінің сенімділігін бағалау үшін пайдаланылатын электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері ретінде бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші және бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшірудің орташа ұзақтығының көрсеткіші пайдаланылады. 4. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің мәндерін анықтау үшін тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшірулердің есебін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өшірулерді тіркеу журналында жүргізеді. 5. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI) мына формула бойынша анықталады: , мұндағы: Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың жалпы саны; Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны. 6. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) мына формула бойынша анықталады: , мұндағы: Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың жалпы саны; t(i) – электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, сағат*; Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны. * Үзілістің ұзақтығын анықтау кезінде электрмен жабдықтаудағы әр тұтынушының үзіліс ұзақтығы жеке ескеріледі. 7. Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерін есептеуде мыналар: 1) электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылық; 2) климаттық жағдайлар: атмосфералық артық кернеу (найзағай); желдің есептіктен артық жылдамдығы; көктайғақтың (жабысқақ қар) есептіктен артық қалыңдығы; көктайғақ; су тасқыны, мұз кету; жер сілкінісі, сел, көшкін, опырылу, шөгу, топырақтың кебуінен өшірілген жағдайлар ескерілмейді. 8. Энергия беруші ұйым жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кеш емес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері туралы ақпаратты мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға жолдайды. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларына 1-қосымша Нысан Өшірулерді тіркеу журналы* № Өшіру күні Елді мекен атауы Аудандық электр желілері, трансфор-маторлық шағын станция атауы Өшіру себебі Электрмен жабдықтау жүйесінде өшірілген тұтынушылардың саны Ca(i) Бір тұтыну-шыға өшіру ұзақтығы, t, сағат Электрмен жабдықтау үзілісінің жалпы ұзақтығы t(i), сағат (Ca(i)хt) 1 2 3 4 5 6 7 8 * Журнал нөмірленеді, тігіледі энергия беру ұйымының мөрімен және басшысының қолымен бекiтіледі. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларына 2-қосымша Нысан Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпарат* _______________________________________________ (энергия беруші ұйымның атауы) Есептік кезең Электрмен жаб-дықтау жүйесінде өшірілген тұтыну-шылардың саны Ca(i) Өшіру ұзақтығы, t, сағат Электрмен жаб-дықтау үзілісінің жалпы ұзақтығы, t(i), сағат (Ca(i)хt) Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орта-ша көрсеткіші (SAIFI) Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) *Есептік кезең бойынша нысанды толтыру Өшірулерді тіркеу журналының негізінде жүргізіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 1 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13755 болып енгізілді.